Пресс-служба     14 Feb,2020        

Оқытушылар арасындағы футбол лигасының турнирі аяқталды.

Турнир қатысушылары “Өнерге, спортқа және сүйіспеншілікке барлық жас шамасы жете алады!”деген ұранды алға қойды.

2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың ақпан айына дейін университеттің профессор оқытушылар құрамы және қызметкерлері, сондай-ақ қауіпсіздік қызметі арасында “оқытушылық футбол лигасы” турнирі өтті.

Барлығы 4 команда қатысқан ойын 2 айналым жүйесі бойынша өтті.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды “Барыс” командасы (қауіпсіздік қызметі), екінші орынды – “Арыстан” командасы (ректорат), үшінші орынды – ИТФ United (инженерлік-тхнологиялар факультеті оқытушылары), 4 орынды – “Офистің жігіттері” командасы (университет қызметкерлері) иеленді.

Турнир соңында әр түрлі номинациялар бойынша үздік деп танылғандар:

Үздік қақпашы –Бейбит Аубакир (“Барыс” командасы»)

Үздік қорғаушы-Нургалиев Данияр (“ИТФ United” командасы»)

Үздік шабуылшы-Мұқанов Азиз (“Арыстан” командасы»)

Үздік ойыншы – Есбол Советханов (“Барыс” командасы»)