Пресс-служба     18 Feb,2020        

Шәкәрім университетінде оқу-әдістемелік кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, факультет декандары, факультет оқу-әдістемелік бюро төрайымдары мен төрағалары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің стандарттарына сай академиялық адалдық туралы, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  барысындағы  «Мәңгілік ел» қоғамдық кафедрасының қызметі жайлы, университеттің мамандықтарын  бағалау мен  бақылау және бағалау құралдарын  жетілдіру туралы, университеттегі ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі туралы, қашықтықтан білім берудің оқу-әдістемелік базасының жағдайы, мәселелері және болашағы туралы, білім беру бағдарламаларын оңтайландырумен  2020 – 2021 оқу жылына арналған реестрге жаңа жинақталған білім беру бағдарламаларының жобасы туралы  баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Оқу – әдістемелік кеңесі  барысында жарияланған тақырыптар бойынша жұмыс сапасын жақсарту туралы  ұсыныстар жасалып, мерзімдері белгіленді.