Пресс-служба     18 Feb,2020        

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент «Үштілділік – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі» тақырыбында кезекті семинар өткізді. Бұл семинарға Шәкәрім Университетінде 50*20*30 моделі бойынша үштілділікті жүзеге асыратын кафедра оқытушылары, сондай-ақ, АО “Назарбаев Зияткерлік мектебінің” ағылшын тілі мұғалімі Мажиков Сымбат Кенжебекұлы қатысып, “Қазақстандық көптілді оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейінің байланысын зерттеу” тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың мақсаты – үштілде оқыту мен оқу тәжірибесін қорытындылау және оқу сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау.
Семинарға қатысушылар жоғары мектептегі көптілді білім берудің жай-күйін талқылап, көптілді топтарда ағылшын тілін оқытудың жинақталған тәжірибесін талдады. Семинар жұмысының нәтижелері өзара қорытыланды.