Пресс-служба     18 Feb,2020        

Инженерлік технологиялар факультетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациялық кеңестің отырысы өтті. «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша өткен кеңесте  Гүлмира Жұмаділованың және Әсел Алимкешованың диссертациялары таныстырылды.

Жұмаділова Гүлмира Аманғазықызының «Пробиотиктерді құрал-жабдық жасау мақсатында инкапсуляциялық процестерді зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғады.

Диссертация  университеттің «Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасында орындалған болатын.

Ал, Әсел Алимкешованың диссертациясы: «Жаңартылатын энергия көзін қолдана отырып сүтті салқындату қондырғысын құру» тақырыбында болды.

Диссертация Алматы технологиялық университетінің «Механикаландыру және өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасында орындалған.

Ғылыми дәрежесін алуға арналған докторлық диссертациялар өз дәрежесінде қорғалып, қатысушылар оң бағасын алды. Құттықтаймыз!