Пресс-служба     18 Feb,2020        

Университетте кәсіптік бағдар бойынша жауаптыларға арналған жиын өтті. Жиында ұлттық тестілеу орталығының  Шәкәрім университеті жанындағы филиалы жетекшісі Болатбек Кожебаев ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу барысындағы соңғы өзгерістер туралы баяндады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдау ережесіндегі өзгерістер туралы Педагогикалық институт директорының орынбасары  Индира Оралканова баяндап, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Ақпаратқа толы кездесуде түрлі ұсыныстар да айтылды. «Болашақ талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат беру өте маңызды» дейді ұйымдастырушылар.