Пресс-служба     19 Feb,2020        

Орыс және шетел филологиясы кафедрасында жоғары сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада өтті. Орыс тілі мен әдебиеті пәндеріне арналған олимпиадаға 25 мектептен 50-ден аса оқушы қатысты. Сайыста бақ сынауға тек қала мектептері ғана емес, сондай-ақ, Абай, Бесқарағай аудандары мен Курчатов қаласының мектеп оқушылары қатысты. Жарыс екі турдан тұрды: 1. Сауаттылықты тексеруге арналған тестілеу  2. Абайдың орыс тіліне аударылған өлеңдерін мәнерлеп оқу. Жарысқа қатысушы оқушыларға студенттер концерттік бағдарлама дайындап, тіл білімі бойынша интеллектуалды ойынын өткізді.