Пресс-служба     20 Feb,2020        

Университеттің ғылыми кітапханасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көрме өтуде.

Көрмеде  ұлы ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, шетел тілдеріне аударылған әдебиеттері ұсынылып,  ақын өлеңдері, шығармалары және «Қара сөздері»  қойылды.

Ақын туралы жазылған құнды еңбектер кітап сөресінде  кеңінен орын алған, оның ішінде    Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясы да бар.

Ұлы тұлғаның шығармашылығымен кеңінен танысамын деген кез-келген адамға кітапхана қызметкерлері көмек көрсетуге әзір.