Пресс-служба     20 Feb,2020        

Экономика және құқық факультетінде «Кітап – білім бұлағы» атты пікірталас алаңы өтті.

Шара аясында «Құқықтану» мамандығының студенттері британдық атақты адвокат Мальком Шоудың “Халықаралық құқық” атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

«Кітап Халықаралық құқық бойынша ең үздік әлемдік құралдардың бірі болып табылады, оның ерекшелігі халықаралық соттардың қызметі шеңберінде істерді қараудың нақты мысалдарын келтіреді. Бұл студенттердің құқық саласында одан әрі дамуына үлкен көмек береді» дейді ұйымдастырушылар.