Пресс-служба     20 Feb,2020        

Шәкәрім университетінің ғылыми кітапханасы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнер меузейінде ктіап көрмесін өткізді.

Көрме ортағасырлық шығыс философиясының ірі өкілі Әль-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналды.

Көрмеде ұлы ғалымның трактаттары, орыс және қазақ тілдеріндегі философия тарихы, ғалым туралы кітаптар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының  басылымдары қойылды.

Мұражай кітапханасына Шәкәрім университетінің 4 томдық «Алаш» және «Үш анық» кітаптары сыйға берілді.

Мұражай директоры Стромская Татьяна Александровна ағартушылық және маркетингтік жұмыс бөлімінің басшысы Шинжина Лаура Вахаевнамен көрме ұйымдастырушыларына  мұражайдың сурет галереялары бойынша экскурсия ұйымдастырды.