Пресс-служба     21 Feb,2020        

Семей қалалық сотының судьясы Сабит Тұратпаев экономика және құқық факультетінің студенттеріне дәріс оқыды. “Қазақстан Республикасының сот жүйесін реформалаудағы Конституцияның рөлі”тақырыбындағы дәріс студенттердің ынтасын арттырып, қызығушылығын тудырды.

Дәріскер өз сөзінде еліміздің Негізгі Заңы мен ағымдағы заңнама контексінде сот жүйесін реформалауға, оның ішінде он-лайн процесті енгізуге баса назар аударды.

«Бүгінгі сабақтан өзімізге қажетті көптеген ақпарат алдық. Білікті мамандардан дәріс алу біздің болашақта құқық саласында бәсекеге қабілеттілігімізді айқындай түспек. Бұл біздің өсіп, жетілуімізге беріліп жатқан үлкен мүмкіндік» дейді студенттер.