Пресс-служба     21 Feb,2020        

«Ғылым және өндірістің агроөнеркәсіптік кешендегі интеграциясы: бағыттары мен механизмдері» атты  дөңгелек үстел өтті.

Шәкәрім университеті мен Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер  палатасының Семей қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен өткен дөңгелеу үстелдің мақсаты Аграрлық-өнеркәсіптік кешен және ғылым интеграциясының өзекті сұрақтары  бойынша пікірталас алаңын құру болды.

Дөңгелек үстелге Семей қаласының әкімдігінің ветеринария, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімдері, университеттің ғалымдары, шаруа қожалықтарының басшылары, ғылыми–зерттеу институттері,   кәсіпорындардың қызметкерлері  қатысты.

Шара нәтижесінде жалпы қорытындылар жасалып, ғалымдар тарапынан әртүрлі ұсыныстар берілді. Осы орайда, университетіміздің ғылыми кафедралары да белсене қатысып, коммерциаландыруға  қатысты мәселелерді көтерді.