Пресс-служба     21 Feb,2020        

Инженерлік-технологиялық факультетінің студенттері қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу мақсаты жастардың діни сауаттылығың арттыру, әлеуметтік ақпаратты дұрыс пайдалану, ұлттық дәстүрімізді сақтау, ата-анамызды құрметтеу болып табылды.

Кездесу барысында әлеуметтік желінің жағымсыз жактары түсіндіріліп, қазіргі таңда жастардың әлеуметтік желіге көп уакыттарын жұмсайтындығы жөнінде сөз қозғалды. Әлеуметтік желіде теріс діни ағымнан қалай сақтану керектігі жайлыайтылып, алдап-арбау ұғымдарына мағлұмат берілді.

Осыған қосымша әлеуметтік желіде жалған ақпараттарды тарату және экстремисттік, террористік бағыттағы немесе  теріс идеологияны таратқан жағдайда арнайы заңды тұрғыда жауапкершіліктер бар екендігі туралы ақпарат беріліп,  ҚР әкімшілік кодексі және қылмыстық кодексіндегі баптар жайлы айтылды.

Кездесу соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарына нақты жауап алды.