Пресс-служба     21 Feb,2020        

Шәкәрім университетінің өкілдері республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференция Көкшетау қаласында Ақмола облыстық соты мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  ұйымдастырумен “Абай-би, Абай-заңгер” тақырыбында өтті.

Шара аясында университетіміздің құқықтану кафедрасының профессоры Назигүл Ғазизова “Абай әлеміндегі адам құқығы және қазіргі кезең” тақырыбында баяндама жасады.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған коференция барысында университет тарапынан Абай шығармаларына арналған көрме қойылды.

Семей жобалық кеңсесінің маманы Шырын Қауанова  көрмемені таныстырып, университет бастамасымен басылып шыққан «Үш анық» философиялық трактатын келушілер назарына ұсынды.