Пресс-служба     24 Feb,2020        

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…». Осындай тақырыпта Қазақ Филологиясы факультетінде Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу арқылы шығармаларын кеңірек дәріптеу, білім алушыларды ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткен сайыс университетіміздің 1-2 курс студенттері арасында өтті.

Мәнерлеп оқу сайысына 6 факультеттен 20 білімалушы қатысып, бақтарын сынады.

Қатысушылар Абайдың оқу-білім, азаматтық көңіл-күй, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы тақырыптарындағы өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқып, көрермен көңілінен шықты. Қазылар алқасы бағалау кезінде өлеңді оқу мәнері, сахналық мәдениет пен жаттаған өлеңдер санын негізге алды.

1-орын Гуманитарлық факультет студенті Қасымова Толғанай

2-орын Жаратылыстану-математика факультетінің студенті Отанбекова Назерке

2-орын Экономика және құқық факультетінің студенті Ғалымбекова Айдана

3-орын Өнер және спорт факультетінің студенті Ғалымбек Дария

3-орын Гуманитарлық факультет студенті Есқали Меруерт

3-орын Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің Сәрсенбекова Назира иеленді.

Жүлделі орын алған білім алушылар дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.