Пресс-служба     27 Feb,2020        

Аграрлық факультетінің бітіруші түлектеріне «Түлектер жәрмеңкесі – 2020» болып өтті. Жәрмеңкеге арнайы елордадан «Асыл түлік» мал шаруашылығын асылдандыру ісі жөніндегі Республикалық орталық төрағасы Болат Сейсенов, «Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық кеңесі» палатасының төрағасы Қуаныш Сүлейменов және Шығыс Қазақстан облысының: Тарбағатай, Жарма, Аягөз, Шемонайха, Бородулиха, Бесқарағай аудандарынан ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, Семей қаласы бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары келіп қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесінде білікті маман іздеген бөлім басшылары түлектерді жұмысқа орналасуға шақырды.
Нәтижесінде бірнеше студент ұсынылған бос орындарға үміткерлік етіп, келісім-шарт жасады.
Айта кетейік, бос орындар жәрмеңкесі бітіруші түлектердің тез арда жұмысқа орналасып, бәсекеге қабілетті маман болуына көмек береді.