Пресс-служба     28 Feb,2020        

Мектеп оқушысы университеттің білім грантын жеңіп алды.
Шәкәрім шаңырағында Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 10-11 сынып оқушылары арасында аймақтық «Абай оқулары» байқауы өтті.
Ақын шығармаларын, әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
«Абай оқулары» байқауына Шығыс Қазақстан облысы өңірлерінен 30-ға жуық үміткер қатысты. Байқау нәтижесі негізінде жүлделі 3-орынды Семей «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Серік Мағжан, Абай ауданы «Қарауыл гимназиясы» оқушысы Оралханова Жанел, Аягөз ауданы Мыңбұлақ орта мектебі оқушысы Ғизатоллаева Тоғжан иеленсе, Абай ауданы, Қарауыл ауылы Абай атындағы мектеп-лицейі оқушысы Серікқызы Ақгүл мен Кәріпбаева Бағжан 2-ші орынға ие болды. Қатарластарынан оза шапқан 10 сынып оқушылары алдыңғы орындарды еншіледі. Оның ішінде 1-орынды Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Серікқызы Аңсаған жеңіп алса, байқаудың бас жүлдесін Абай ауданы,Кеңгірбай би ауылы «Шәкәрім атындағы орта мектеп» оқушысы Ақшекина Гүлбақыт қанжығасына байлады.
Әділқазылар алқасының ұйғарымымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша университетіміздің білім грантын Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылындағы «Шәкәрім атындағы орта мектептің» 11 сынып оқушысы Кәріпбаева Бағжан иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!