Пресс-служба     02 Mar,2020        

Шәкәрім университеті күміс көмей әншісін таңдады! Студенттік парламент пен «Art-Union» ұйымының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Университет дауысы-2020» музыкалық сайысы өтті. Оқу ордасының жез таңдайларын анықтаған бәсекеге барлық факультет қатысып, бақтарын сынады.
Ұйымдастырушылар: «Бұл сайысты өткізудегі мақсат – оқу ордасының жезтаңдай әншісін таңдау ғана емес, сонымен қатар жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттап, талаптары мен таланттарын көрсетуге жағдай жасау»,- дейді.
Қатысушыларға қойылған талап бойынша орындалатын әндер фонограммасыз, яғни жанды дауыста шырқалуы тиіс. Барлық талаптарды мүлтіксіз орындап, әділ қазылардың қатал сынынан өткен қатысушылардың бұл сайыстан алған әсерлері зор.
Сайыс қорытындысы бойынша 3 орынды аграрлық факультеттің студенті Тоқтарғалиев Серікжан, екінші орын өнер және спорт факультетінің студенті Дәулетханов Сұлтан, ал бас жүлде – қазақ филологиясы факультетінің студенті Рыспек Темірланның қанжығасында. Құттықтаймыз!