Пресс-служба     02 Mar,2020        

Қазақ филологиясы факультетінде тағылымды кездесу кеші өтті. Университетіміздің ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Парасат» орденінің иегері, профессор қазақ әдебиетінде бірегей орны бар тұлға Арап Сләмұлы Еспенбетовтің 75 жылдық мерейтойына байланысты өткен кездесуге студент жастар қызыға қатысты.
Жастарға ғалымның жүріп өткен жолы, бағындырған белестері, әдебиет саласына қосқан еңбегі жөнінде тың деректер берілді. Қазақ әдебиетінің дамуына профессор Арап Еспенбетовтің үлесі орасан зор. Ғылыми-зерттеу жолында ғалымның көптеген еңбектері бар: 600ден астам ғылыми мақала, 4 монография, бірнеше оқулықтардың авторы.
Факультет студенттері өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, ғалым жастардың өмірлеріне азық болатындай тұщымды жауап беріп, емен жарқын кездесу болды. Ал, шәкірттері ұстаздарына деген ыстық ықыластарын, арнау-тілектерін өлеңмен, әнмен жеткізді. Ұлағатты ұстазбен өткен кездесу кеші тағылым тәрбиеге толы.