Пресс-служба     02 Mar,2020        

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА БОЙЫНША

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

 

Шәкәрім Университеті (Семей қ.) ҚР БжҒМ 2020 ж. 10 ақпанындағы № 16-5/282-И базалық жоғары оқу орындарында пәндік олимпиадалар жөніндегі хатына байланысты2020 ж.9, 10 сәуір аралығында «Жылу энергетика» мамандығы бойынша Республикалық пән олимпиадасы өткізілетінін жариялайды.

Олимпиада тілі: орысша және қазақша.

Олимпиада болашақ мамандардың арнайы кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында өткізіледі және дарынды жастарды қолдау факторларының бірі болып табылады

Олимпиадада келесі пәндер бойынша тапсырмалар болады:

– Жылу техникасының теориялық негіздері(техникалық термодинамика және жылумассаалмасу);

– Сұйық және газ механикасы;

– Қазандық қондырғылары мен бу генераторлары.

ЖОО жіберген команда екі-үш студенттен және жетекші-оқытушыдан құрылуы қажет. Іссапар шығындары (жол ақысы, жатын орны және тамақтану ақысы) команданы жіберуші ЖОО есебінен төленеді.

Олимпиадаға қатысуға өтінімдерді және олимпиаданың І кезеңінің қорытындысы бар ректордың (проректордың) қолы қойылған хатты немесе Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген хаттамаларды2020 ж. 31наурызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз (қосымша 1).

Студенттер өзімен бірге жеке куәлік, студенттік билет, қалам және калькуляторларын ала келулері керек.

Олимпиада өткізілу орны: Шығыс-Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шәкәрім Университеті, № 9 корпус (Физкультурная 4 көшесі).

Байланыс телефондары: тел.: 8(701) 993-16-31, электронды пошта: aug11@mail.ru, Касымов Аскар Багдатович.

 

Қосымша 1

 

 

Жылу энергетика бойынша

Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға

Өтінім

 

  1. Толық (қысқа)ЖОО атауы _____________________________________________________________

 

  1. Ресмимекен-жайы, телефон, факс:

___________________________________________________________

 

  1. Жетекшінің аты-жөні, дәрежесі, моб.тел., Email:

_____________________________________________________________

 

  1. Қатысушылардың аты-жөндері, моб. тел., Email, курс, оқыту тілдері:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________