Пресс-служба     03 Mar,2020        

Шәкәрім университетінде «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, жастар арасында дін саласындағы қауіп қатер және оның алдын алу жолдарын түсіндіру болды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында университет студенттері арасында жүргізілген діни ахуалдың мониторингі қорытындылары көрсетілді.

Семей жобалық кеңсесі, «Әлеуметтік зерттеулер орталығының» ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының Семей өңірлік секторының маманы – Мақсат Омирханов, «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі секторының бас маманы – Жанна Касымжанова. Республикалық «Абай» журналының бас редакторы – Мұратбек Оспанов, «Әлеуметтік зерттеулер орталығының» басшысы- Мұхтар Абдикакимов баяндама оқып, ортақ мәселелерді ортаға салды.