Пресс-служба     04 Mar,2020        

Спорт – салауаттылық кепілі, денсаулықтың тірегі. Әдетте кез келген  адам спортпен шұғылдана білуі мүмкін, бірақ шын спортшы болу екіталай. Өйткені ол – спорт өнерінде қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген жан ғана ұғатын өмір шындығы. Өскелең жас ұрпаққа университетіміздің намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген әлем чемпиондарымен таныстыру, оларды үлгі тұту мақсатында Шәкәрім білім ордасындағы «Өнер және спорт» факультетінің ұйымдастырумен «Қазақ күресінен» Қазақстан Республикасының 4-дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ күресінен әлем чемпионы Қаербеков Архат және ММА-дан Қазақстан, Азия, Әлем чемпионы, Халықаралық дәрежеде спорт шебері Жұматаева Талшынмен кездесу өтті. Кеште университетіміздің студенттері өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, салауатты өмір салтын ұстануда қызықты мәліметтермен танысты.

«Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін! … дегендей, Архат пен Талшындай жалынды жастарымыз әрдайым көп болғай» дейді ұйымдастырушылар.