Пресс-служба     04 Mar,2020        

“Жаратылыстану және инженерия” ғылыми кафедрасының мамандары студенттік ғылыми клуб отырысы бағдарламасы аясында білім алушыларға арналған ғылыми-көпшілік дәрістер циклі бойынша TED -конференция өткізді.

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар мен қатар оқытушылар мен практикалық қызметкерлер де қатысты.

TED-конференция жұмысында:

  • Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту үшін концептуалды карталарды қолдану және “Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдерді/педагогтарды даярлау” бағыты бойынша концепт құрылымының моделін құру;
  • Білім алушылардың өнертапқыштық және ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастыруға мүмкіндік беретін инновациялық бағдарламаларды бейімдеу және енгізу үшін STEM-білім берудің ерекшеліктері;
  • Көптілді топтарда жаратылыстану-ғылыми және инженерлік циклдер пәндерін оқыту бойынша инновациялық әдістемелері талқыланды.