Пресс-служба     04 Mar,2020        

Шәкәрім университетінде университет менторы, профессор Арап Еспенбетовтің 75 жылдық мерейтойына арналған ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі өтті.  

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов – қазақ әдебиеттану ғылымына, оның ішінде сұлтанмахмұттану ілімі мен аймақтық әдебиеттануға айрықша серпін әкелді.

Профессорды құттықтауға қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы келіп, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» мадалін табыстады.

Көрнекті ғалым әдебиеттануда зерттеу бағыты нақтыланған , тың концепциясы бар жаңа ғылыми орта «Еспенбетовтің ғылыми мектебін» қалыптастырды.     Ғалымдық пен ұстаздық тізгінін қатар ұстаған тұлғаның шәкірттері де бұл кешке өз үлестерін қосып, ұстазына деген ыстық ықыластарын білдірді.

Сан ұрпаққа үлгі болар саналы өмірін ізденіс үстінде өткізіп келе жатқан Арап Сләмұлы сынды арыс азаматқа алған асулары мен жеткен жетістіктері – кезекті биіктердің бірі ғана екені белгілі.