Пресс-служба     06 Mar,2020        

Шәкәрім университетінде  «ХАКІМ АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ИСЛАМ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЕН  САБАҚТАСТЫҒЫ»  атты республикалық конференция өтті. Жас ұрпақты Абайдың рухани мұрасы арқылы тәрбиелеу мақсатында өткен шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Пленарлық мәжілісте баяндамалар оқылып, тәрбие, ағартушылық, дін мәселелері ортаға салынды.

Ұлы ақынның шығармашылығына шолу жасау арқылы  халықты, ауызбіршілікке, отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды игеруге шақыруға болады дейді ұйымдастырушылар.

«Егер біздің жастарымыз Абайдың шығармаларында не туралы айтылғандарын терең ұғынатын болса, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе адасушылықтан аман болады. Өйткені Абай атамыз бабаларымыз ұстанған дара жолды жетілдіріп кеңінен түсіндіріп кеткен» дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.