Пресс-служба     06 Mar,2020        

Құрметті ханымдар! Сіздерді шырайлы көктемнің шұғылалы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс – құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл – күй тілейміз!