Пресс-служба     11 Mar,2020        

“Шәкәрім студенттерінің лигасының” бірінші кезеңі аяқталды.

“Шәкәрім студенттерінің лигасы ” – Шәкәрім университетінің білім алушыларына арналған Студенттік лига. Лига екіге, Премьер лига мен Бірінші лигаға бөлінеді.

Ағымдағы оқу жылында бесінші рет қатарынан өткізіліп отырған футбол ойындарының қорытындысы бойынша:

1 орын – “Ертіс” командасы (№2 Студенттер үйі));

2 орын – “MSh” командасы (Инженерлік-технологиялық факультеті));

3 орын – “Agro” командасы (Аграрлық факультет) иеленді

Командалық жетістіктерден басқа, спортшылардың жеке еңбегі атап өтілді . Командаларды марапаттау сәуір айында өткізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 15 қазанынан бастап университет студенттері арасында футбол лигасы басталды . Жыл сайын командалар саны  артып келеді. Егер 2015-2016 оқу жылында барлығы 8 команда ойнаса, қазір факультет, жатақхана және студенттік өзін-өзі басқару бойынша 26 команда, 500-ге жуық студент қатысады.