Пресс-служба     13 Mar,2020        

Шәкәрім университетінде “Business skills” дәстүрлі көктемгі қарқынды тренинг өтті. Университеттің Бизнес мектебі мен Франшиза және технология орталығының бірігуімен өткен шараға оқушылар мен жоғарғы оқу орындары, колледж студенттері қатысты.  Жетекші бизнес-жаттықтырушылар төртінші өнеркәсіптік революцияның инновациялары мен технологиялары: сын- қатерлер мен мүмкіндіктер; жобалық менеджмент; Бизнес жоспарлау және идеяларды таныстыру өнері және тағы басқа бағыттар бойынша семинарлар жүргізді.

«Мұндай тренингтер әлеуетті және кәсіпкерлік бастамаларды тиімді жүзеге асыруға, жастардың кәсіпкерлік ойлауын дамытуға ықпал етеді» дейді ұйымдастырушылар.

Қатысушыларға 3 күн бойы жинаған тәжірибелерін растайтын сертификат табысталды.