Пресс-служба     28 Mar,2020        

Жаратылыстану және математика факультетінің оқытушысы «Ең үздің жас ғалым – 2020» атанды. Бүгін де ұстаздық жолын өзі білім алған оқу орнында жалғастырып жүрген Алтын Төлеубай ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері арасындағы «Ең үздік жас ғалым-2020» байқауына қатысып,  ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі диплом,  «Ең үздік жас ғалым-2020» төсбелгісіне ие болды.  Білім саласында бой көрсетіп жүрген жас маман бүгінгі күнге дейін 32 ғылыми мақала жазған. Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!