Пресс-служба     12 Apr,2020        

Шәкәрім университетінде онлайн-семинарлар басталды.

«Қашықтықтан оқыту кезінде электронды платформалар мен ашық қол жетімді кітапханаларды пайдалану» тақырыбында Ғылыми кітапхана бірінші вебинарын өткізді.

Кітапхана басшысы Е.П.Евлампиева 30-дан астам кітапхана жүйесіне карантин кезінде олардың ресурстарына ашық қол жетімділікті қамтамасыз ететін ғылыми –зерттеу және білім беру платформаларын ұсынды. Олардың ішінде: Coursera халықаралық білім беру платформасы, Znanium.com әмбебап көпсалалы жүйесі, жаңа форматтағы «Қазақстанның ашық университеті» білім беру жобасы, Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапхана, Оксфорд және Кембридж университеттерінің баспагерлері, «Atameken Academy» тегін онлайн курстары және басқалары бар.

Вебинар  Zoom бағдарламасын қолдана отырып өткізілді.  Вебинарға декандар, кафедра меңгерушілері және ПОҚ, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.