Пресс-служба     12 Apr,2020        

Бүгін Қазақстан Республикасы ғылым саласы қызметкерлерінің күні.
Барша ғалымдарды ғылыми институт мамандарын сонымен қатар, ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Шәкәрім университетінде профессорлық оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар мен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тығыз байланыста.

2019 жылы- *Дәрежеленген ғылыми кадрлар саны 199 адамды құрады.
*5 ірі жоба қорғалды
*2 жоба жүзеге асуда
*1587 ғылыми еңбек басылып шықты
*22 қорғау құжаты алынды
*42 мақала Scopus және Web of Science базасына кіретін журналдарда жарияланды
*3 халықаралық конференция, форум өтті
*44 ғылыми және оқу зертханалары жұмыс істейді.
– “жаратылыстану және инженерия” ғылыми кафедрасы”,
– ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары ғылыми кафедрасы,
– гуманитарлық ғылымдар ғылыми кафедрасы.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау:
– “Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы” инженерлік бейіндегі сынақ зертханасы»,
– “Агротехнопарк” ғылыми орталығы»;
– ет және сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты;
– Тағам биотехнологиясы ғылыми орталығы;
– химия-экологиялық мәселелер ғылыми-зерттеу институты;
– М. Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығы;
– Абай институтында;
– Дулат Бабатайұлы атындағы “ақындар мектебі” базасында жүзеге асырылады.