Пресс-служба     16 Apr,2020        

2020 жылдың 15 сәуірінде ZOOM платформасында «Жаратылыстану және инженерия» ғылыми кафедрасы мен «Физика-математика ғылымдары және информатика» оқу кафедрасының ұйымдастыруымен «Сандық білім беру ресурстарын құру және пайдалану тиімділіг» атты онлайн-ғылыми семинар өтті.

Семинарға университетіміздің білім алушылары және ПОҚ қатысты. Онлайн семинар өткізуге арналған платформа ретінде ZOOM.US жоғары форматтағы интернеттегі бейнеконференциялар мен видео вебинарларды өткізуге арналған бұлтты платформа қолданылды.

Бүгінгі таңда ақпараттық технологияларды пайдалану оқу-ғылым процесін жетілдіру мен оңтайландырудағы маңызды түйіндердің бірі болып табылады. Елдегі және әлемдегі төтенше жағдайды ескере отырып, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану білім берудің ең өзекті мәселелерінің біріне айналды.

Қазіргі жағдайда білім берудің маңызды құрамдас бөлігі ақпараттық құзіреттіліктің бастапқы қалыптасуы болып табылады, ол ақпараттық технологияларды және оқуға кешенді тәсілдерді тиімді қолданады, оқу процесінің тиімділігіне қол жеткізеді, уақытты үнемдейді, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігі, студенттер мен оқытушылардың жүктемесін азайтады.

Семинар барысында 3 баяндама қарастырылды.

«Сандық білім беру ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі» (ФМҒ және информатика оқу кафедрасының аға оқытушысы, магистр Умирбаева Сания Тусуповна),

«Сандық білім беру ресурстарын құру және пайдалану» (ФМҒ және информатика оқу кафедрасының аға оқытушысы, магистр Рахматуллина Зарина Талгатқызы),

«ҚOT контекстінде MOODLE платформасын қолдану» (ФМҒ және информатика оқу кафедрасының аға оқытушысы Божко Марина Владимировна).