Пресс-служба     19 Apr,2020        

«Электрондық университет eShakarim» орталығында онлайн-семинар

2020 жылдың 16 сәуірінде ZOOM бейнеконференция режимінде «ҚОТ-да оқитын студенттерге арналған емтихан сессиясында https://ais.semgu.kz/ платформасын тиімді пайдалану» тақырыбында кезекті онлайн-тренинг өтті.

Онлайн-семинар «Электрондық университете e-Shakarim» Орталығының қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен өткізілді және семинарға университетіміздің бас инженері Т.Б.Мадиев шақырылды.

Семинарға университетіміздің тьютер – оқытушылары, сондай-ақ «Электрондық университете e-Shakarim» Орталығының қызметкерлері қатысты. Онлайн – семинарға қатысушыларға емтихан билеттерін қалай жүктеп алуға болатындығы, студенттердің емтихан нәтижелерін бағалауы түсіндірілді. Оқытушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді. Еліміздегі және әлемдегі төтенше жағдайды ескере отырып, бұл электронды платформаны қолдану студенттерге емтихан сессиясын еш қиындықсыз қашықтықтан өтуге мүмкіндік береді.