3D-моделдеу бойынша ашық олимпиада өтуде

Пресс-служба     10 Jun,2019        

Шәкәрім университетінде   АО “Семей инжиниринг” зауытының  43 жылдығына арналған 3D-моделдеу бойынша ашық олимпиада өтуде.

Жастар жылы және Цифрлы Қазақстан бағдарламалары аясында ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты сандық өндіріс технологияларымен және жаңа материалдарды зерделеумен айналысатын талантты жастарды анықтау және қолдау.

Олимпиадаға 3D – үлгілеу бойынша дағдылары бар барлық ниет білдірушілер, соның ішінде қаланың жоғары және орта-арнайы оқу орындарының және жақын орналасқан елді мекендердің студенттері қатысуда.

“Семей инжиниринг” АҚ, Шәкәрім университеті мен “АСКОН-Қазақстан”ЖШС қолдауымен өткен олимпиада екі кезеңнен тұрады:

Бірінші тур-тестілеу. 10 мамыр мен 1 маусым аралығында тест сұрақтары түрінде se-btrz.kz сайтында ашық түрде өтті.

Екінші кезең – финал 5 маусымда бастау алды, оған Семей қаласындағы “БанкЦентрКредит” АҚ, “Нұрбанк” АҚ және “АТФБанк”АҚ 3D – моделдеу бойынша ашық олимпиаданың ұйымдастырушылары мен демеушілері шақырылды.

Олимпиаданың негізгі міндеттері::

– инженерлік білім беру сапасын арттыру;

– сандық өндіріс технологияларын, аддитивті технологиялар мен жаңа материалдарды зерделеумен айналысатын талантты жастарды анықтау және қолдау;

– білім беру жүйесі мен экономиканың нақты секторының ынтымақтастығын дамыту;

-3D-модельдеу, 3D-сканерлеу, 3D-басып шығару және көлемді сурет салу арқылы жобаланатын бұйымдардың жұмыс істеуінің физикалық негіздерін түсінуді тереңдету;

– “Семей инжиниринг” АҚ-да жұмыс істеу үшін инженерлердің резервтік қорын құру үшін жарысқа қатысушыларды іріктеу мақсатында Олимпиадаға қатысушылардың рейтингтері мен мәліметтер базасын құру.

Олимпиада жеңімпазына университет өз тарапынан оқу грантын ұсынатын болады.

“3D-моделдеу бойынша олимпиада біздің қаламызда, тіпті елімізде жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз…»- дейді университет ректоры кеңсесінің басшысы Абдикаримов Марат Орынтайұлы