3D модельдеу бойынша ашық Олимпиада

Пресс-служба     15 May,2019        

«Семей инжиниринг» АҚ, Шәкәрім атындағы университеті және «Аскон-Қазақстан» ЖШС бірлесіп 3D модельдеу бойынша ашық Олимпиада өткізеді.

Олимпиада зауыттың 43 жылдығын атап өту, өнеркәсіп саласындағы сандық технологияларды енгізу үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында, сандық өндіріс технологияларын, аддитивті технологиялар мен жаңа материалдарды игерумен айналысатын талантты жастарды анықтау және қолдау үшін өткізіледі.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

  • инженерлік білім сапасын арттыру;
  • сандық өндіріс технологияларын, аддитивті технологиялар мен жаңа материалдарды игерумен айналысатын талантты жастарды анықтау және қолдау;
  • білім беру жүйесі мен экономиканың нақты секторының ынтымақтастығын дамыту;
  • 3D модельдеу, 3D – сканерлеу, 3D – басып шығару және көлемді сурет салу арқылы жобаланатын бұйымдардың физикалық негіздерін түсінуді тереңдету;
  • «Семей инжиниринг» АҚ жұмысы үшін инженерлер резервтік қорын құруға жарысқа қатысушыларды іріктеу мақсатында Олимпиадаға қатысушылардың деректер базасын және рейтингтерін құру.

Олимпиадаға қатысушылар: 3D модельдеу бойынша дағдылары бар барлық ниет білдірушілер, соның ішінде Семей қаласының жоғары және орта-арнайы оқу орындарының және жақын орналасқан елді мекендердің студенттері.

Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша, орысша

Олимпиада қатысушыға жеке түрде өткізіледі.

Олимпиада 2 кезеңде өтеді:

  1. Іріктеу кезеңі 10 мамырдан 1 маусымға дейін өтеді. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары олимпиаданың ақтық кезеңіне жолдама алады.
  2. Ақтық кезең 2019 жылы 5 маусымда өтеді.

Олимпиада жеңімпаздары «Семей инжиниринг» АҚ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің және  «Аскон-Қазақстан» ЖШС бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Олимпиадаға қатысу үшін «Семей инжиниринг» АҚ сайтында тіркеле алады.

арнайы «3D олимпиадаға тіркелу» формасы http://se-btrz.kz

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

8 (7222) 550808, ішкі 911 немесе электрондық пошта: mail@se-btrz.kz

Шәкәрім  университеті инженерлік-технологиялық факультеті «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» кафедрасының телефоны 8(7222) 317314  немесе электрондық пошта арқылы: tinkobai@mail.ru