40 жылдық кездесу

Пресс-служба     18 Jun,2019        

Аграрлық  факультетте Зооветеринариялық институтты 1979 жылы бітірген түлектердің  40 жылдық кездесуі өтті. Топ старосталары түлектерді түгендеп, оқыған жылдардағы әдемі естеліктерімен бөлісті. Алған білімдері мен тәрбиелерінің өмірде  өз жолдарын табуға қалай көмек болғаны туралы айтып, ұстаздарына  алғыс білдірді.

Факультет профессоры Омарбеков Есенгелді Омарбекұлы түлектермен мақтанатынымызды айтып, ақ жарма тілегін арнап, университетте болып жатқан жаңалықтармен таныстырды.  Декан орынбасары Арайлы Закиева факультетте оқытылып жатқан мамандықтармен және оқуға түсудің  ережелерімен   таныстырды.

40 жылдан кейінгі рухани кездесу түлектермен қатар университет ұстаздарына да үлкен серпіліс сыйлады.