«АБАЙ ӘЛЕМІ» СЕРИЯСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Пресс-служба     03 Nov,2020        

Шәкәрім университетінің Абай институты ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай әлемі» сериясы  бойынша 10 кітапты дайындады. «Абай әлемі» кітап сериясының жобасы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен жүзеге асырылуда.

«Мерейтойлық басылым» деген грифпен Абайдың 1909 жылы жарық көрген жинағының репринттік басылымы, «Абайтану» таңдамалы зерттеулердің 5 томдығы және «Абай және ақын шәкірттер мұрасы» жинағының 4 том­ды­ғы оқырманға ұсынылды.

       Құрметті оқырман! Танысыңыздар! Оқыңыздар! Пікір білдіріңіздер!