“Абай Құнанбайұлы” төсбелгісімен марапатталды.

Пресс-служба     27 Jun,2020        

“Құқықтану” мамандығының 1 курс студенті Асемгүл Бопаева Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай “Абай мұрасы-Қазақтың қасиетті қазынасы” атты халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды.

Мерейтой аясында ұйымдастырылған байқау білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылары арасында өтті.

Асемгүлдің жетекшісі “Құқықтану”кафедрасының профессоры Назигүл Газизовамен жетекшілігімен жазған “Абай Құнанбаев өлеңдерінің ерекшеліктері” тақырыбындағы мақаласы байқаудың материалдар жинағында басылып шықты.

Жеңімпаздар І-дәрежелі дипломмен марапатталып, дарындылығы және Абай мұрасына деген құрметі үшін “Абай Құнанбайұлы” төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!