«Абай пәлсапасының өркениеттік феномені»

Пресс-служба     25 May,2019        

25 мамыр күні Шәкәрім университеті “Дидактикалық көпір: Еуропа-Азия” халықаралық форумының қонақтары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен  кездесті.

Модератор – Академик, жазушы- Ғарифолла Есім болды.

Кездесуді Ғарифолла Есім «Абай өркениет әлемінде» баяндамасымен ашты

Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының директоры – Шаңбай Тұрдығұл Хасенұлы «Хакім Абай және Алаш алыптары: еркіндік пәлсапасы»,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық–музейі директорының  ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгуль «Ұлы Ақын мұрасы және Абай музейі» атты баяндамаларын оқыды.

Кездесу үш тілде өтті: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Кездесу барысында Шәкәрім университетінің музыкалық кафедрасы дайындаған Абай әндері шырқалды.

Форум қонақтарына біздің ұлы жерлесіміздің шығармашылығы қызықты болды. Оның еңбектері қазіргі әлемде өзекті екені белгілі. Сондықтан Абай тұлғасына деген қызығушылық кездейсоқ емес.