«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

Пресс-служба     13 Jan,2020        

Шәкәрім университетінде АКМЕ халықаралық ағартушылар клубының  кезекті отырысы өтті.

Ағартушылар клубы биылғы жылдың алғашқы жиынын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын талдауға арнады.

Жиынға қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев арнайы қатысты.

«Абайтану белестері», «Абай және мәдениет», «Абай және жастар», «Абай және Семей» тақырыптарында оқылған баяндамалар  Президент мақаласын толық аша білді.

Жиынға қатысқан жастар бүгінгі талдау арқылы мақаланы толық түсініп, оның еліміз үшін маңызы зор екеніне көзіміз жетті дейді. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан пікірлер мен  түрлі ұсыныстар да білдірілді.