Адалдық сағаты өтті

Пресс-служба     01 Sep,2019        

31 қыркүйек күні Шәкәрім университетінің Жоғары Агротехникалық колледжінде Білім күніне орай «Адалдық сағаты» өтті. Университетке жаңа қабылданған студенттерді атаулы мерекемен құттықтап, колледжбен таныстыру жұмыстары да жүргізілді. Сонымен қатар жастардың бойына адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарын көрсетіп, олардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Бұл шара университетке жаңа түскен студенттің ойында тек адал өсімді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Себебі, “Жастарымызды оқу орнының табалдырығын аттаған сәттен адалдыққа тәрбиелеуіміз керек” дейді колледж мамандары.