Адамгершілік ізгі қасиет

Пресс-служба     26 Jun,2019        

Арыс қаласында орын алған оқиға кім-кімді де болмасын елең еткізбей қоймады. Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырып алған мұғалімдердің ішінде Шәкәрім  университетінің доценті Нуржуманова Жанат Мекешовна да болды.

Ұстаздар Министрлік атынан ұлттық бірыңғай тестілеумен апеляция отырысын өткізуге барған болатын.  Жанат Нуржумановна қасындағы екі әріптесімен бірге үреймен қауіп арасында жүріп жүкті әйелді босандырып алып, жас келіншекпен шақалақты аман –есен дәрігерлерге табыстаған.

«Менің бар ойым көшеде адасып қалып, жылап жүрген бүлдіршіндерге көмектесу болды» дейді Жанат Мекешовна. Адамгершілікті барлығынан биік қойған ұстаздың бұл әрекеті үлкен ерлік!

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келіншекке қиын сәтте  көмек көрсетіп, нәрестенің дүниеге келуіне себепкер болған мұғалімдерді қабылдап, алғыс білдіріп, марапаттады.