«Әдебиеттану ғылымының күре тамыры»

Администратор     13 Oct,2020        

Шәкәрім универсиететі мен «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының ұйымдастырумен, ректор міндетін атқарушы Байжұманов Мұхтар Қазбекұлының үлкен қолдауымен, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Рымғали Нұрғалидің 80 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиеттану ғылымының күре тамыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция шымылдығын  Семей қаласы  әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Сериказыұлы ашты.  Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, талантты  ақын Бауыржан Жақып, ғалымның алғашқы докторанты, аспиранты Алпысбаев Құныпия Қожахметұлы,  Шәкәрім университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Еспенбетов Арап Сләмұлы, Еуразия Ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрысбек Рақымжан Сағымбекұлы, Рымғали Нұрғалиұлының шәкірті, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлық иегері», қазақтың талантты ақын қызы Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы, Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сарекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы сынды құрметті қонақтар ғалым жайында өздерінің баяндамаларын оқыды.

ҚР мәдениет саласының үздігі, ақын Серікзат Дүйсенғазы, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы Рымғали Нұрғалиға жүрекжарды жырларын арнады.

  «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Марат Серікжанұлы Құрманбай «Қор атынан құттықтау» сөз айтып, конференцияны аяқтады. Айта кетерлік жай, бұл шараға ат салысудан қазақ филологиясы факультеті де тысқары қалмады.