Аграрлық факультетінде аймақтық жобалық олимпиада өтті

Пресс-служба     06 Dec,2019        
Шәкәрім университетінің Аграрлық факультетінде аймақтық жобалық олимпиада өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін олипиадаға еліміздің жүздеген талантты да дарынды оқушылары қатысты.
Орта білім беру мектептерінің 11 сынып оқушылары және факультет студенттері қатысқан олимпиадаға арнайы қатысып, төрағалық еткен Томск мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Демкин Владимир Петрович болды.
Белгіленген бас жүлдені оқушылар арасында №5 Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушысы иеленсе студенттер арасынан университетіміздің Аграрлық факультетінің 4 курс студенті иеленді.
Қазылар алқасының шешімімен 1-орынға №5 Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушысы ие болды. Ал, қалған орындарды қала мектептерінің үздіктері өзара бөлісті.
Олимпиада жеңімпаздарыТомск мемлекеттік университетінде  білім алуға мүмкіндік алды.
Олимпиада мектеп оқушыларына жаңа технология және цифровизация бағытында алғашқы қадам жасауға, белсенділігін танытуға, өзіне сенімді, жауапкершілікті болуға көмектеседі. Айта кетейік, еліміз  осындай инновациялық жобалық сайыстардың арқасында  жас өскіндерінің қабілетін таныту үстінде.
«Үздіктердің арасынан үздікті таңдау оңай болмады. Бұл дегеніміз бүгінгі жастардың, ертеңгі мамандардың бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді» дейді қазылар алқасы.