Аграрлық факультетінің талантты студенттері Республикалық конкурста өнер көрсетті.

Пресс-служба     12 Dec,2019        

Алматы қаласында өткен  «Менің Қазақстаным» республикалық патриоттық ән байқауына, Шәкәрім университеті Аграрлық факультетінің 3курс студенттері Бақытбеков Дарын, Лейс Анастасия қатысып арнайы алғыс хаттармен марапатталды.Сондай-ақ,  Бақытбеков Дарын әділ қазылар алқасының төрағасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші сазгер Дүйсенов Арман Нариманұлының шәкірті болуға шақырту алса,  Лейс Анастасия ән байқауында төрелік еткен ҚР еңбек сіңірген композиторы Есебаев Бауыржан Аралбекұлының кино әлеміне шақырту алып, келісімге отырып арнайы жобаға түсіп қайтты.  «Байқау – талантты студенттеріміздің бағын ашты. Жалынды жастарымыз бақтарын сынап, үлкен мүмкіндікке ие болды. Өнерлері одан әрі шыңдала берсін дегіміз келеді»дейді байқауға жетекші болып барған  Аграрлық факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары  Ақбота Айтқазы.