Аймақтық аламан

Пресс-служба     26 Feb,2020        

Университетімізде өткен жыр мүшайрасында Қарағандылық жас ақындар да бақ сынады. Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің ұйымдастыруымен «Толғауы тоқсан қызыл тіл…» атты аймақтық жыр мүшәйрасы өткен болатын.

Ақындарға арналған тартысты додаға Семей қаласының ақын студенттерімен бірге Қарағанды қаласының жас ақындары да қатысты. Жастар Абай Құнанбайұлына арналған туындыларын оқып, еркін тақырыпта жазылған өлеңдерін арнады.

17 ақын бақ сынаған додада оза шығып, бас жүлде алған Шәкәрім университетінің 1-курс студенті Дильназ Байекенова болды. Ал, 2-орынды Мұхтар Әуезов атындағы педагогиклық колледждің студенті Самғар Жансерік иеленсе, 3-орынға Қарағанды қаласынан келген Әсемгүл Серікбол тұрақтады. Барлық қатысушыларға «Үш анық» кітабы сыйға тартылды.

«Шара студенттердің шыңдалуына, шығармашылық дамуына үлкен септігін тигізіп, одан әрі қамшылайтынына сеніміміз мол » дейді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!