Аймақтық олимпиада өтті

Пресс-служба     24 Feb,2020        

Қазақ филологиясы факультетінде10-11 сынып  оқушылары арасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен аймақтық дәстүрлі олимпиада және «Журналист болғың келсе…» атты байқау өткізілді.

Оқушылардың тілімізге, әдебиетімізге деген ынтасын, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған аймақтық пәндік олимпиадаға қаламыздың25 мектебінен және Курчатов, Абай, Көкпекті, Жарма аудандарынан 50 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Қатысушыларымызға 1 кезеңде «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінен тілдік және әдеби талдау тапсырмалары беріліп, жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар 2 кезеңге жолдама алды.

2 кезеңде оқушылар бейімі мен шығармашылық қабілетін, өнерін, ой-өрісі мен дүниетанымын анықтау мақсатында үш түрлі сыннан өтті, яғни тілден және әдебиеттен сұрақтар қойылып, түрлі тапсырмалар арқылы білімін тексеріп, өз өнерлерін ортаға салды.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.