Аймақтық олимпиада өтті

Пресс-служба     13 Feb,2020        

Орыс және шетел филологиясы кафедрасында ағылшын тілінен мектеп, гимназия және лицей оқушыларына арналған олимпиада өтті. Оқушылардың ағылшын тілін оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға аймақтың 36 мектебінен 74 оқушы қатысты.

Қатысушылар лексикалық-грамматикалық тест, тыңдалым және айтылым бөлімдері бойынша тапсырмаларды орындап, бақ сынасты. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.