Ақ жол, жас маман!

Пресс-служба     05 Jul,2019        

Өздері қалаған мамандық иесі атану әрбір жастың арманы. Ал, білім алған шаңырақтарымен қоштасып, қолдарына диплом алған қимастық пен толқынысқа толы шақ.Маусым айының аяғында Шәкәрім университетінде бакалавриатты тәмәмдаған түлектерге диплом табыстау салтанатты іс-шарасы өткізілді.Университет биыл да отандық білім- ғылым саласын жас мамандармен толықтырды.
Шәкәрім университетінде биылғы оқу жылын 10 факультеттен 1559 студент бітірді. Түлектердің ендігі мақсаты университетте алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті жоғары маман болу. «Үлкен өмірге қадам басқан әрбір түлектің болашағынан зор үміт күтеміз»,- дейді ұстаздар қауымы. Салтанатты жиын барысында түлектер ән- жырдан шашу шашып, білім алған ордасына, ұстаздарына алғыстарын білдірді.