Аккредиттеу комиссиясының екінші күні

Пресс-служба     12 Jun,2019        

Білім беру сапасын акредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттік екінші күні кафедра меңгерушілерімен және студенттермен кездесіп сұхбаттасты. Сонымен қатар оқытушылар құрамымен студенттер арасында сауалнама жүргізді.

Сарапшылар тобы практика базаларына барды: №49 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  “Шәкәрім атындағы №5 үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, “Жидебай – Бөрілі” Абай мемлекеттік тарихи – мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайы, Нұр Отан партиясының Семей қалалық филиалы, Республикалық ветеринариялық зертхана “РГПнаПХВ Семей аймақтық филиалы, Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғауды бақылау қауіп-қатерлері мен апаттарын азайту тобы, «Фирма Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Қазақстан темір жол-жүк тасымалы” АҚ, «Тамаша» сауда үйі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Семей қаласының филиалы “Центр независимой оценки SERT” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Суат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сынды 13 мекемеде болып қайтты.