Ақындарға ашық дәріс өтті.

Пресс-служба     04 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде ақын, Шәкәрім университетінің құрметті профессоры Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Ақындық өнер» білім бағдарламасы бойынша ашық дәрісі өтті.
Университеттің Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің ұйымдастыруымен өткен кездесу арнайы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен Шәкәрім университетінің 85 жылдық мерейтойына орай өтті.
Шараға қаламызға белгілі ақындар мен студент жастар, оқытушылар қатысты.
Ақындық өнердің қыр-сырын ашып, жаңашылдықққа үйреткен дәрістен жас ақындар серпіліс алып қайтты. Себебі, шабыттары асқақ ақындар өлең иірімін өз арнасына салу жолдарын үйрендік дейді. «Әрқайсысының өзіндік жолы бар ақындарға дәріс өту бастапқыда ерсі көрінгенмен, жас ақындардың үйренері көп екені байқадық» дейді шараға қатысушылар.